Алдында полицияға Глубокое ауылының 35 жастағы тұрғыны арыз берген, ол туыстарының үйінен марқұм болған, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарының наградаларының жоғалып кеткендігін хабарлаған, делінген дүйсенбіде облыстық полициядан таралған ақпаратта.
Оның ішінде 1 және 2 дәрежелі Даңқ ордендері,Ұлы Отан соғысының ордені, Құрмет ордені, жеті медаль, көне ақшалай купюра мен патша кезінен қалған монеталар болған.
Қаскүнемдік жасаған арыз берушінің әкпесімен бұрын бірге тұрған жігіт болып шықты.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.