"24-маусымда ҰҚК кейінгі кездері Астана, Қарағанды, Шымкент және Алматыда табылып тәркіленген "ауыр" есірткі түрлерін жойып, үлгілік шараны іске асырды", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Нәтижесінде, 200 килограмнан астам есірткі, соның ішінде 96 килограмм героин, 132 килограмм апиын өртелді.
Баспасөз қызметі ҰҚК-нің басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе ұзақ мерзімге есептелген "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Елордасына есірткінің жеткізілуіне тосқауыл қою үшін комитет көп деңгейлі қорғаныс жүйесін құруға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
""Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын жүзеге асырыла бастаған алғашқы сәттен бері ұлттық қауіпсіздік органдары Елордасы аумағында есірткіге қатысты қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталып, 40 қылмыстық іс қозғалып, 79 килограмм марихуана, 4 килограмм героин мен 12 килограмм шикі апиын заңсыз айналымнан шығарылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті