ҰҚК Қарағанды облысында лаңкестікке дайындалған 6 адамды ұстады

"Алты адам ұсталды, бір адам өзін-өзі жарып жіберді. Ағымы — салафия", — деді Жұмақанов журналистерге парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Ол ұсталғандар жергілікті тұрғындар, Қазақстан азаматтары екенін айтты.

"Мекен-жайлары бойынша тұратын жерлерінде террористік актіге дайындалған, Қарағанды өңірі. Бұл Ақтөбемен ешқалай байланысты емес", — деп қосты ол.