Бала-шағасын ертіп Сирияға кеткендер мұны еркінен тыс жасауы мүмкін дейді құзырлы орын өкілдері. Яғни ақша үшін емес, жас жігіттер үгіт-насихат құрбаны болған. Жиһадшылардың туыстары да осындай пікірде. Ғаламтордағы бейнероликті жіті тексерген тергеушілер, жерлестерімізді лаңкестік топтар алдымен үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланбақ деген қорытындыға келіп отыр. Ал одан кейін белдеріне бомба байлап, жакешті ретінде көздерін құртады.
Кендебай Адамбеков, ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығының штаб бастығы:
- Біздердің пайымдауымызша, роликтің ең негізгі мақсаты Араб мемлекетінінің жастарына арналған. Әдейі Сирия мемлекетінде жүрген бізден кеткен отандастарымызды бір үйге жинаған. Осыдан 2-3 ай бұрын түсірген. Басқа жақтан келген азаматтарды көрсетіп, сендер қайда қарап отырсыңдар деген мақсатта өз жастарын қамшылап, террористердің қатарына қосу.