ҰҚК шекара қызметінен 10 тапаншаны ұрлаған күдікті ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінен 10 тапаншаны ұрлаған күдікті ұсталды. Шекарашылардың қаруын қолды қылған ұры сырттан келмепті. Әскерлердің белінде жүруі тиіс қаруды академияның жүргізушісі ұрлапты. Жедел-тергеу тобы күдіктінің үйінен жоғалған тапаншалар тапқан, деп хабарлады Алматы арнасы. 

«ҰҚК Шекара қызметінде 10 тапанша ұрланған болатын. Осы факті барысында жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстады. Ол академияның жүргізуші қызметін атқарған. Оның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында жоғалған барлық тапанша табылды», - деді ҚР ІІМ Департамент директоры Алмас Садубаев.