Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан Республикасы Лаңкестікке қарсы орталығы басшысы лаңкестік қаупінің таралуына себеп болатын бірқатар факторлар мен жағдайларды, сондай-ақ Қазақстандағы діни ахуалдың проблемалық аспектілерін атап өтті. ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев кіріспе сөзінде: «Халық арасында лаңкестікке және діни экстремизм идеологиясының таралуына тиімді қарсы тұру билік және басқару органдарының барлық деңгейінде келісілген, нақты өзара іс-қимылды, алдын алу шаралар кешенін қолдануды және оны одан әрі жетілдіруді талап етеді», деп басып айтты.
Кеңес барысында жастар ортасын радикалды діни идеологиядан қорғау жұмысының жағдайын, сондай-ақ лаңкесттік қауіпке аудандық жедел штабтардың әрекет етуге дайындықтары, проблемалар мен оны шешу жолдары туралы баяндамаларға түбегейлі талқылау жүргізілді. Аталған мәселелер бойынша Дін істері агенттігі мен ҰҚК ЛҚО штабы басшылары пікір білдірді.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2013 жылғы 24 маусымда «Қазақстан Республикасы Лаңкестікке қарсы орталығы ережесін бекіту туралы» №588 және №589 «Лаңкестікке қарсы комиссиялар туралы типтік ережені бекіту» жарлықтарына қол қойған.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев лауазымға сәйкес Қазақстан Республикасы Лаңкестікке қарсы орталығының басшысы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың - ҚР 23 министрлігі мен ведомстволарының бірінші басшылары лауазымға сәйкес Қазақстан Республикасы Лаңкесттікке қарсы орталығы мүшелері болып табылады. Орталық отырысына Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, ҚР Үкіметі өкілдері қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Лаңкесттікке қарсы орталығының ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаулық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен тұрақты қызмет ететін Қазақстан Республикасы Лаңкесттікке қарсы орталық штабы арқылы жүзеге асырылады.