ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" түрде тергелуде

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәсімов К.К. және Садыкулова А.Т. қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ерғожин Д.Е қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қарастырылуда", - деп жауап берген ҰҚК агенттіктің сұрағына.

Басқарма іс Қылмыстық кодекстің үш бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын қосып өткен. Ұсталған азаматтар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК департаменттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны туралы жазылған.