Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы "Шақпақ" шекаралық бекетінде шұғыл мәліметтер бойынша ірі көлемде есірткі партиясы тасымалданады делінген "Ауди-100" автокөлігін департамент қызметкерлері тоқтатты. Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде көлік ішіндегі төсеніш астынан 6,5 кило героин салынған 7 дорба шықты. Сараптама қорытындысы дорбалардағы заттың героин екенін дәлелдеді.
Есірткі әкеле жатқан екі адам да Қазақстан азаматтары, Алматы тұрғындары. Тергеу қазір есірткінің тасымалдану жолдарын анықтау үстінде.
Жыл басынан бері ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 31 кило есірткі заттарын тәркіледі, олардың 27 килосы героин.