"ҰҚКҰ форматында ақпараттық қарсыластық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері басымдық бағытқа айналып отыр", деді ол журналистерге сейсенбіде Екатеринборда.
Оның айтуынша, әлемде ондай мысалдар баршылық, яғни күш қолданбастан-ақ ақпараттық технологиялардың арқасында елде жағдайды тұрақсыздандыру жәйттері орын алған.
"Бізде мемлекеттердің қызметін үйлестірудің сәйкесті механизмдері бар. Осы орайда біз ақпарат кеңістігіндегі криминалға қарсы ықпал ету жөнінде арнайы операциялар жүргізудеміз. Олар жақсы нәтиже беріп отыр. Біз көптеген сайттарды анықтап, оларды артынан заңды түрде жауып, иелерімен сәйкесті жұмыс жүргізудеміз", деді Н.Бордюжа.