"5 желтоқсан күні Киевте ҰҚКҰ елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді. Оған ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады. ЕҚЫҰ шақыруымен ол осы ұйымға қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомство басшыларының кездесуіне қатысады», - деп атап өтті В.Зайнетдинов.
ҰҚКҰ бас хатшысының пікірінше, бұл бейресми кездесу мүше мемлекеттердің ЕҚЫҰ-мен диалог құруға, осы ұйыммен ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін үйлестіруге, онымен әрі қарай байланыс жүргізудің оңтайлы бағыттарын нақтылауға деген қатынасы туралы пікір алмасу үшін пайдалы «алаң» ретінде қарастырылады.