ҰҚКҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді

"23 сәуір күні ҰҚКҰ елдерінің қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді, оған РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев төрағалық етпек. Отырыста Ұйым жауапты аумақтағы жағдай туралы ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа баяндама жасайды", деді В.Зайнетдинов.

Оның айтуынша, отырысқа қатысушылар "Тәжік-ауған шекарасын күшейту жөнінде Тәжікстан Республикасына көмек көрсету туралы" ҰҚКҰ шешімдерін Ұйымға қатысушы елдердің орындауы барысын талқылайды.

Сонымен қатар, В.Зайнетдиновтың айтуына қарағанда, ҰҚКҰ елдерінің төтенше жағдайларды жылдам елеу жүйесін дамыту мәселелеріне қатысты құжаттарына қол қойылмақ.