ҰҚКҰ Ұжымдық күштерінің жаттығулары аяқ асты болуы ықтимал - Бордюжа


деп хабарлады ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.
"Жаттығуды кенеттен жүргізу элементі соңғы кезде РФ Қарулы күштерінде қолданылып жүр, ол өз тиімділігін көрсетті, енді оны міндетті түрде ҰҚКҰ Ұжымдық күштерінің бірлескен жаттығулары барысында қолданамыз”, деді Н.Бордюжа бейсенбіде жарық көрген "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бірлескен жаттығулар барысында басты назар ұлттық контингенттердің, байланыс құралдары мен басқару органдарының шұғыл түрде сыйыса алуына аударылмақ.