ҰҚШҰ елдері басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Отырыс қорытындысымен Ұйымның мүше-мемлекеттерінің басшылары мәлімдеме, сондай-ақ саммиттің 18 шешімі топтамасын, соның шінде 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары туралы, Өзбекстанның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату туралы, Ауғанстан жағдайының 2015 жылға дейінгі даму болжамы туралы құжаттарды қабылдады.

Мәлімдемеде ҰҚШҰ елдерінің басшылары халықаралық қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, Ұйымның ұжымдық қауіпсіздігінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш-жігерді өрістету қажеттігін атап өтті.

ҰҚШҰ елдерінің халықаралық саясат пен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды қалыптастыру жөніндегі саяси ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылының деңгейі оң аталып өтілді.

ҰҚШҰ маңызды міндеттерінің бірі дағдарыстық жағдайды болдырмау болып қалатыны атап көрсетілген, осыған байланысты шұғыл үн қату тетігі одан әрі жетілдіріле беретін болады. Тараптар сондай-ақ Ұйымда Парламенттік Ассамблея форматындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау білдірді.

Тараптар алдағы уақытта Ауғанстаннан қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің шығарылуына байланысты тиісті шараларды қабылдауға әзірлігін білдірді. Сонымен қатар, басқа да халықаралық ұйымдармен байланыстарды нығайту қажеттігі атап өтілді.

ҰҚШҰ ҰҚК-нің келесі сессиясы 2013 жылы мамырда өткізілетін болады.