ҰҚШҰ елдері өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясының күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын келісті

"БҰҰ Бас ассамблеясының ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде ашылатын сессиясында талқыланатын басты мәселелер бойынша дәйекті пікір алмасу барысында халықаралық істерде көпжақты негізді нығайту, қауіп-қатерлерге лайықты жауап табудағы БҰҰ ролін көтеру, БҰҰ-ын реформалау мәселелеріне басты назар аударылды", - делінген хабарламада.