ҰҚШҰ СІМ кеңесінің қорытындысы бойынша Ауғанстан мен Сирияға байланысты мәлімдеме қабылданды

ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжаның айтуынша, кеңес аясында өткен ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің шағын құрамдағы отырысында ҰҚШҰ жауапты аймақтағы жағдай егжей-тегжейлі сараланды. Бұған қоса, ұйымға мүше елдердің арасындағы сыртқы саяси мәселелерді үйлестіру жайы талқыланды. Олардың ішінде ақпараттық ынтымақтастық та бар.

Сондай-ақ Сириядағы жағдай, Кесабеде болған оқиға туралы армяндық тарап көтерген мәлімдеме жобасы да қарастырылды. ҰҚШҰ елдері делегацияларының басшылары аталған мәлімдемеге қол қойды.

 Бұдан басқа отырысқа қатысушылар президенттік сайлау алдындағы Ауғанстан еліне байланысты мәлімдеме қабылдады.


Баспасөз мәслихатында РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҰҚШҰ елдері өкілдерінің  2014 жылғы соңғы жартыжылдық және 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сыртқы саясат, қауіпсіздік, қорғаныс жөніндегі консультация Жоспарына қол қойылғандығын айтты.

Отырыста Қазақстан тарапын сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарды.