Бұл туралы Facebook-те Ләззат Бақтыбаева айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’s App арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр", - деп жазды ол.
Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді.
"Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта.