"Біз ауқымды мәдени бағдарлама дайындадық. Ондағы басты мақсат - шетелдік көрерменді Қазақстандағы бірегей әрі әр алуан шығармашылықпен таныстыру. Үрімжіге баратындардың арасында танымал қазақстандық жеке орындаушылар, опера әншілері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер бар",- дейді департамент өкілі.
Атап айтсақ, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев пен "Ұлытау" тобы бар.
Сонымен бірге фестиваль аясында жаңа қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтіп, кино және театр қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.