Елде оларды құтқару шараларын қолға алмаған билік орындарының жауапсыздығы мен салғырттығына қарсы жаппай наразылық шаралары өтуде.
Нақтылай айтсақ, Нигерияның солтүстік-шығысындағы Чибок елді мекеніндегі мектептен ұрланған 200-ден аса жоғары сынып оқушыларының біразы босатылғанымен, оралмағандары да бар болып шықты. Содырлардың оларды қайда жасырғаны белгісіз.
Жергілікті ақсақалдардың сөзіне қарағанда, радикалдар 16-18 жас аралығындағы қыздарды шекара асырып, Камерун мен Чад мемлекеттерінде 2000 найра ақшаға (шамамен 12 долларға) күңдікке сатып жатыр.