Қаржы полициясының түсініктемесіне сәйкес, бір банктің ақша айырбастау бөлімінің кассирі 2005-жылдың 1 және 2-мамырында түрлі валютамен 1 704 135 теңгені өз жауапкршілігіне алып, артынан ысырап еткен.
Қылмыстық істі тексеру барысында белгілі болғанындай, банк қызметкері өзіне сеніп тапсырылған қаржыны көзір ойыны барысында ұтқызып алған. Тағы бір айта кетер жайт, ақша ұрлаған кассир ойынханаға жұмыс уақытында баратын болған.
Айыпкер өзіне жүктелген жазаға қарсы жоғарғы сатылы сотқа шағымданды.
Алайда Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы алғашқы сатылы соттың шешімін өз күшінде қалдырды.