Ұрлап мінген көлікпен көпірден құлап кетті

Бұл туралы кеше облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жол апаты сейсенбі күні болған.

«Жүргізуші мас болған, ал көлік «Достар» мәдениет сарайынан ұрланған.

Көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатқан 18 жастағы жігіт көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Көлік қоршауға соғылып барып өзенге құлаған.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.