Уролог маман боди-массаждың жігіттерге зияны туралы айтып, дабыл қақты

Дәрігер бұл туралы желідегі оқырмандарына кеңес ретінде айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Соңғы кездері жас жігіттердің арасында "боди массажға барып едім" деген шағымдар көбейіп кетті. Жыныс жолдарынан тамған бір тамшы шырышты бөлінді үрпіге түсетін болса ол жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларға алып келуі мүмкін. Соның арқасында үрпіден әр түрлі бөлінділер бөлініп шағымданып келіп жатады. Біз олардың барлығын жыныстық жолмен жұғатын инфекцияға тапсыртамыз. 99 пайызынан инфекция анықталып жатады. Сондықтан да бұл дұрыс емес жағдай. Нәпсіні тию керек. Және уақытында емделу керек", - деген ол.


Loading...