Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ

 

2022 жылы 21 мамыр күні Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және
болашақ» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

Конференцияға орта білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері танымал педагогтар қатысты. 

Олар: Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. Нүсіпова Әсем Бекқызы, Алматы қаласы әкәмәні орынбасары. Миразова Аягүл Төреқызы, Қазақстанның Еңбек Ері, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, ұлағатты ұстаз. Және тағы да көптеген қонақтардың қатысуымен өтті. Конференция онлайн және офлайн форматта жүргізілді. 

Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасы негізінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясы «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасын әзірледі. Жобаның жетекші идеясы – рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, патриот, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, парасатты, адал ниетті ұрпақ тәрбиелеу жұмыстарын іске асырудың ғылыми негізін жасап, оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру механизмдерін дайындап, іске асыру болды. Осы мақсатта «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасы жасалып, мақұлданды. Мектептерде нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында, тұжырымдама аясында, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалып, барлық қазақ және аралас мектептерге берілді. Оларды кеңінен түсіндіру мақсатында видеодәрістер дайындалды. Арнайы эксперименттік мектептер белгіленіп, жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады. Жоба аясында өткізілген конференцияның пленарлық және секция отырыстарында 30-дан аса баяндама жасалып, конференция резолюциясы талқыланды.

Конференция жұмысына қатысқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Сүлейменова, ардақты ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері А.Миразова, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Біләлов, ҚазҰҚПУ ректоры Г.Қанай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазӘТУ белгілі ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, білім беру саласы мекемелері мен ата-аналар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Конференция жұмысына оң баға беріліп, осы жоба негізінде жұмыстарды
жалғастыру мақсатына 14 баптан тұратын резолюция қабылданды. 

Академик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, "Саналы ұрпақ тәрбиелеу жобасының ғылыми жетекшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы конференцияның мақсатын тарқатып айтып берді. 

- Бала тәрбиесі қоғамда маңызды проблема болып тұр. Шетелдердің білім беруін өзім көп зерттегенмін. Әлемдегі білім сапасы ең дамыған елдерді қарайтын болсақ, ол елде бала тәрбиесіне көп көңіл аударған. Сондықтан, кім бала тәрбиелеуге кім көңіл аударса, сол елдің білімінің жақсы болғаны. Екінші кезекте ұстаз. Ұстаздық қызметке икемді адам ұстаз болу керек. Осы екеуі маңызды. Сол себепті, білім сапасын көтеруге көп ойластырып, Алматы қаласының Білім басқармасының бастығы Ләззат Әуесханқызымен ақылдаса отырып, Алматы қаласының қазақ аралас мектептерінде тәрбие беру жүйесін жүйелі түрде жоба жасасақ дедік. Сол әңгімеден туындаған жоба 1-ші сыныптан бастап, 11-ші сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға ғылыми негізде, ғылыми практикалық түрде жүйелі түрде тәрбие беру. Бұның тұжырымдамасын жасау керек. Бір тұжырымдаманың аясында 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Мұнда алты бағыт бар.

Бірінші бағыт - мектептің мәдени тәрбие ортасын қалыптастыру. 2 -ші ұлттық тәрбие. 3 - ші отбасы тәрбиесі. Балалардың салауатты өмір салты. Ақпараттық коммуникациялар қызметі. Балаларды келешекте еңбек жолын таңдауға көмектесу. Міне осы бағыттарда мектепте жүйелі жұмыс жасау үшін, жаңа әдістемелік нұсқаулықтар дайындадық. Содан былтырғы жылы көп тиражбен шығарылды. Биылғы жылдың басынан бастап, жұмыс басталды. Осы мектеп - эксперименттік мектеп болып қалыптасты. Соның қорытындысын бүгін осы конференцияда шығардық. Бұл жоба сол бағдарламаның аясы негізінде өткізіліп отыр. Барлық мектептердің директорлары өз пікірлерін айтады. Осы ой-пікірлерді алып жетілдіреміз. Содан кейін қайтадан дайындап шығарамыз. Ата-бабамыздың тәрбесін, құныдылықтарды ескере отырып, барлық сыныпқа қатысты тәрбие беруді қалыптастыру. 

 

 
СуреттеАкадемик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, "Саналы ұрпақ тәрбиелеу жобасының ғылыми жетекшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы мен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы

 

Суретте: Конференция онлайн форматтан көрініс

 

Суретте: Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар