“Ұрпақтарымыздың дені сау болуы үшін барымызды саламыз” - Ләззат Ертайқызы

Балалар жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту үшін өңірлерде қандай шаралар атқарылып жатыр, әсіресе мамандар қалай жұмыс істеуде, қандай нәтижелер бар? Caravan.kz порталының  осы және өзге де сауалдарына “Жоғары ортопед - Дефектолог-Реабилитолог” Шырынтаева Ләззат Ертайқызы жауап берді.

Балалар жылында әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға көп көңіл бөлініп жатыр, жалпы сіздер өз тарапыңыздан қалай жұмыс істеп жатырсыздар?

- "Балалар жылында" өскелең ұрпақтың денсаулығына баса мән беріліп жатыр. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту басты назарда. Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалармен денсаулығына қарай әр түрлі жұмыс жасалынады. Олардың әр түрлі топтары болады, жүре алатындары жүре алмайтындары, өзінің шекарасынан шығып кеткен балалар болады, олар көзі көрмейті тіпті отыра да алмайды. Топ-топқа бөлінеді. Көптеген түрлері болады. Бір ДЦП бір линияда тұра алмайды, олар этаптарға бөлінеді, емделе алатын жазылып кететін түрі болады, емделе алмайтын мүмкіндігі жоқ аурулар болады. Туа біткен ДЦП болады олар емдеуге келмейді.Олармен жұмыс істеу үлкен қажырды, жігерді қажет етеді. 

- Ерекше балалармен жұмыс жасауға қорыққан жоқсыз ба? 
 - 29 жыл алдын енді бастағанда аздап қорқыныш болды, өйткені бұл өте жауапты жұмыс. Оның үстіне, бұрын ерекше балалармен жұмыс істеп көрген жоқпын. Тәжірибенің жоқтығы керісінше жаңа ұжыммен бірге кәсіби дағдылануға көмектесетіндей көрінді. Менің ойымша, өмірдің өзі мені ерекше балалармен жұмыс істеуге дайындағандай. Өйткені, өзім де, көптеген бала сияқты біраз уақыт сыныбымның, мектептің жалпы өмірінен шығуға мәжбүр болдым. Сондықтан қоғамның адам өміріндегі рөлі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін.

- Емдеуге келмейтін ауруларды сіздің себебіңізбен орынынан тұрған деп есіткеніміз бар.

- Менің қолымнан келгені 9 жыл бойы көзі көрмейтін қызды емдеп берген кезде елдің аузы ашылған. Жүрмейтін, тұрмайтын баланы мен емдеп орнынан тұрғызып бергенде бәрі риза болған ол жайлы ғаламтордан көрсеңіздер болады. 16 жасар бала аутизмнің өте нашар түрі сол бала менің витаминдерімді қабылдап сөйлеп кетті. Ташкенттен келген бала болды басы 97 см болып келген 50 см-ге түсіріп бердім. Бүкіл Ташкент, Қазақстан таң қалған.

- Ерекше балалараға ерекше тәсіл керек, сіздер тағы қандай әдіс-тәсілдер қолданасыздар?

- Мен жалпы ортопедиялық массаждың негізін қалаған реабилитолог болып есептелемін. Дефектологпын. Әйел адам ешқашан ортопед болмаған жалғыз мен болғанмын. 10 күнде 10 түрлі тәсілмен емдеймін. Неше түрлі емдер, массаждар жасалады. Осылардың арқасында көзі көріп тұрып кетіп жатқан балалар қаншама. Аллаға шүкір. Ташкенттен келген баланы ешқандай профессор жүріп кетеді деп ойлаған жоқ. Бірақ Алланың қалауымен менің себебіммен ол бала жүріп кетті.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртіп нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс болып табылады», Баланың бойындағы кез-келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретіні бәрімізге белгілі.


Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай емес. Балалар жылында мүмкіндіктері шектеулі ерекше балалардың денсаулығын нығайтуға, қоғамммен араласуына барынша мүмкіндік жасауды назарға алуы әрине қуантады. Ал біз маман ретінде қай кезде болмасын ерекше балаларды ерекше назарда ұстаймыз, ерекше көңіл бөлеміз және болашақта да солай болады. 

Осы бейнежазбадағы балаларды ешкім жүреді деп айтпаған. Жансая деген қыз 8 жасқа дейін мүлдем жүрмеген, тұрмаған. Менің екі курсымнан соң жүріп кетті. Бәрі таң қалды. Содан соң 8 жылдан бері қолына қасық ұстамаған Ақтөбенің тұрғандары оны да менің емдеу тәсілім арқылы жақсы болып кетті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен Ақтөбе, Астана, Атырау, Семей, Талдықорғаннан келеді. Тіпті Қытайдан, Дубайдан, Түркиядан келетін аналар бар. Ұзын сонар кезекте тұрады ата-аналар балаларын қолтықтап алып. Мысалы дәл қазір 2 Қаңтарға дейін менде орын жоқ. Осындай өте қиын балалар арасында өмір сүремін. Осылай тағдырыма жазылған шығар, бастысы жазылып кетсін, қолымнан келген көмекті аямаймын.

- Балалардың арасынан шығармашылық қабілеті өте ерекше баларды байқадыңыздар ма?

- Маған келіп емделгеннен кейін балаларда шығармашылық өзгерістер көп болады. Ақыл-есі дұрысталып, жүруіне тұруына ықпал еткеннен соң, қызығушылықтары оянып, бір нәрсемен айналыса бастайды. Өте қуанышты жаңалық мен үшін. Жалпы айтарым, ұрпақтарымыздың дені сау болуы үшін барымызды саламыз. Бұл біздің міндетіміз.  

Loading...