Үржарда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды

«Қазгидромет» сақырлаған аяз ертең де сақталатынын болжап отыр.

«Қазгидромет» маманы Василий Деканскийдің айтуынша, 12 қараша ауданда аяз күшейіп, түнде ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендеген.

«Ауа температурасы бүгін, қарашаның 13-інде жергілікті сағат 07.00-де 27,7 градус суықты көрсетті. Осыған байланысты сабақтың болмайтыны жөнінде ескерту жасалды»,-дейді метеоролог Василий Деканский.

Айта кетейік, ауданда соңғы күндері күн қатты суытып кетті. Ертең де аяз болады, шамамен 27 градусқа дейін суытады деп болжанған.