Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, "консультация Бүкіләлемдік сауда ұйымының жан-жақты келісімдер департаментінің сарапшысы Марина Сиротина мен зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы USAID сарапшысы Наиля Джайзафарова арасында өтуде". "Консультациялар барысында сарапшылар Қазақстан Республикасының "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің аталуы туралы" Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша заң жобасын жасау секілді мәселелермен қатар, зияткерлік меншік құқығы саласындағы өзге де мәселелер қаралды", - деп көрсетілген дүйсенбі күні таратылған баспасөз баянында.
Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, бұл шараның басты мақсаты "аталмыш заңды ТРИПС келісіміне (зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері бойынша дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі) сәйкестендіру".
Орталық сарапшылары мен USAID өкілдері арасындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша консультациялар Қазақстан Республикасының заңнамасының халықаралық нормаларға, оның ішінде ТРИПС келісіміне сәйкестігін жалпылай бағалау мәселелеріне орай үстіміздегі жылдың тамыз айында өткізілді.
"Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ -ын Қазақстан үкіметі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтсуі туралы келіссөздерді талдаулармен қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің жанынан 2006 жылдың маусым айында құрған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті