Мәди Бимурзин, «Эко Экспресс» ЖШС жұмысшысы:
-Егер адамгершілігі болса шығып айтпай ма, әбеттен кейін аласыңдар, болмаса осындай уақыттан кейін міне деп. Ертеңге дейін шыдаңдар деп айтуына болады. Ешқандай, бірде-бір басшылық жоқ.
Ашулы құрылысшылардың әрекетінен түк шықпады. Оларға ешкім есік ашқан жоқ. Бұқараның базынасын ақыры журналистердің тыңдауына тура келді. Үш айдан бері жалақы бермеген «Эко Экспресс» компаниясының басшылығы олардың әрқайсысына үш жүз мыңтеңгеден берешек болып қалған. Жұрт мәселесін айтып, шулап жатқанда компанияның бас инженері де келіп қалды. Басында сөйлесетін құлқы жоқ болып көрінгенімен, соңына қарай жұмысшыларға қарызды қайтаратын болып келісті. Егер айтқандарынан тағы айнып қалатын болса, құрылысшылар прокуратура мен еңбек инспекциясына шағымданбақ.
Сәрсен Сейсембин, «Эко Экспресс» ЖШС бас инженері
- Иә, иә...Барлығын береміз, есептесеміз жігіттер.