«Үш апта еміренген»: Ақтөбеде үш апталық қызын бейтаныс әйелге тастаған көкек ананың әрекеті елді дүр сілкіндірді


Жергілікті полиция бөбектің анасын әлі таба алмауда, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Елді шулатқан оқиғаның мән-жайын журналист Гүлмира Әбіқай баяндады.
«Таң атпай осы оқиғаны естіп мазам қашты. Ақтөбеде жас босанған қыз қазір келемін деп 3 апталық шақалағын дәмханаға тастап көзден ғайып болған. Күтіп-күтіп анасы келмеген соң қолындағы нәрестені бейтаныс жан полицияға өткізеді. Полиция баланы Бөбектер Үйіне табыстады. Нәресте толық жетілген, денсаулығы жақсы.

Былай қарасаң, баланы қажет етпеген адам жүктілікті саналы түрде үзеді. Туған кезде баланың иісін сіңдірмей отказ жазып кететіндер көп. Бұл қыз аман-есен босанып, үйіне шығарып алып, 3 апта еміреніп айналып-толғанып, аяқ астынан кафеге қалдыруына не себеп? Баладан безсе бөтен үйдің ауласына далаға не детдомға тастар еді. Қазір кафенің алды-арты, іші бәрінде камера әрі бала тастауға қоғамдық орын еш ыңғайлы емес. Өзі аман ба екен жас ана??? Шағын шаһарда бұл әйелді көрдім-білдім деген әзірге ешкім жоқ», - деп жазды ол.