Атап айтқанда, кеше кешқұрым «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» жолының 70-135 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жолдарда шектеу енгізілді.
Бұдан бөлек, «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орынбор)» жолының 7-99 шақырымындағы Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығында жол жабық.
Сонымен қатар кеше 21:50 кезінде «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-258 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Ал бүгін боран салдарынан «Ақтөбе-Астрахан» жолының 96-330 шақырымындағы Қандыағаш мен Атырау облысы шекарасы аралығында, Ақтөбенің солтүстік айналма жолының 0-39 шақырымы учаскесінде жол жабылды. Ал «Самара-Шымкент» автожолының 763-965 шақырымында жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.
Мұнымен қоса Қостанай облысы аумағындағы «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымындағы Қарағанды облысы мен Ақмола облысы аралығында жол жабық.
«Ақмола облысында «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-536 шақырымындағы Есіл мен Қостанай облысы аралығында қозғалыс шектелді»,-делінген «Қазақавтожол» мәліметінде.