«Құрметті Мәжіліс және Сенат депутаттары, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бесінші шақырылған Парламент өзінің конституциялық өкілеттігі аясында 1,5 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде үш партиялы Мәжіліс жоғары деңгейде қызмет атқара алатынын көрсетті»,-деді Мемлекет басшысы.
Отандық парламентаризм тарихында тұңғыш рет заң шығару жұмыстары бір шақырылымдағы депутаттардың өкілеттік мерзіміне тұтастай жоспарлау тәжірибесі енгізілгенін еске салып өткен Н. Назарбаев, «Өздеріңіз білесіздер, бұрын біз осындай жоспарды тек бір сессияға ғана қабылдайтынбыз»,-деді.
Айта кетейік, екінші сессия барысында 100-ге жуық заң жобасы қабылданды.