Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Бұл туралы Казинформ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;

Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;


Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының   Президенті   Н. Назарбаев    

Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан