Үш жасөспірім екі зейнеткерді бөшке үшін өлтірген

Оқиға Мамлют қаласында болды. Қариялардың үйлерінен шықпай қалғанын байқаған көршілері тәртіп сақшыларын шақырыпты. Кейін олардың жансыз денелерін иісшіл ит кәріз құдығынан тапқан. 15 және 17 жасар үш бала ертеңіне-ақ ұсталды. Бұзақылық үшін есепте тұрған оларды тәртіп сақшылары тексеру үшін шақырғанда, жасөспірімдер бәрін бірден мойындапты. Айтуларынша, олар есік алдындағы бөшкені ұрлап жатқанда ,  кенеттен сыртқа шыққан қарияны темірмен ұрып өлтірген. Артынша кемпірді де соққыға жығыпты. Зейнеткерлердің үйінен ұрлаған 120 мың теңгеге күдіктілер ұялы телефон, сусын және кәмпит алып жеген. 

Алдымен атаны арбаға салдық. Сосын оның жатқан жеріндегі қанды жудық та, құдыққа апарып тастадық  Әжені де сөйттік. 
 

Loading...