Үш жастағы бала бассейнге батып бара жатқан қасындағы кішкентай баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерге видеожазбаны кішкентай батырдың анасы Полиана Консоль де Оливейро жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Артур досының өмірін, үш жүректің қуанышын сақтап қалды. Бұл 30 секундтық ұқыпсыздық болды, бала анасынан кетіп, бассейнге жалғыз барған. Мен ұлыма шын жүректен ризамын және оны мақтан тұтамын", — деп жазды ол Facebook-те.

Видеоны көрген желі қолданушылар ерекше әсерге бөленгенін, баланың ерлігіне бас игендерін жарыса жазды. Ролик әлеуметтік желілерде тез тарады, жергілікті полиция оған назар аударды. Тәртіп сақшылары Артурға барып, оған тәттілер себетін, жаңа баскетбол добын және "Батырлардан батырға" деген жазуы бар сертификат берді