Облыс әкімінің хабарлауынша, инвесторлардың есебінен бұл ауылдарда ауылішілік су құбырлары тартылып, су әрбір үйге жіберілетін болады. "Осы ауылдардың тұрғындарының сапалы ауыз суға бірдей қол жеткізу принципі жүзеге асырылады", - деді Қ. Көшербаев.
Оның атап көрсетуінше, су қамтамасыздығы нысандарының құрылысы салынып, пайдалануға берілгенге дейін бұл ауылдарда БҰҰ Даму бағдарламасының қаытсуымен ауыл тұрғындарынан су тұтынушылар кооперативтері құрылады. "Салынған су таратқыштар мен су қамтамасыздығы нысандары бұдан әрі кооперативтердің меншігіне ақысыз беріледі, бұл судың құнына әсер етпейді", -деді өңір басшысы.
Қ. Көшербаевтың хабарлауынша, сондай-ақ, 2008 жылдың наурызында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен Shell компаниясының жобасымен бірлесіп, Қызылтөбе елдімекенінің су қамтамасыздығын жақсарту жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті. Компания 313,3 мың АҚШ долларын бөлді. Жоба ағымдағы жылдың алты айында жүзеге асырылады деп күтілуде.
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, облыс бюджетінің қаржысы есебінен 29 млн теңгеге осы нысан құрылысының жобалық-сметалық құжаттарының жобасы жасалады. Оның 2 млн теңгесі игерілді. "Қалған 27 млн теңге 2008 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде бөлінеді", - деді Қ. Көшербаев.
Әкімнің айтуынша, жергілікті бюджет есебінен Маңғыстаудан Қызылтөбе ауылына дейінгі су таратқыш реконструкцияланады.
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Хаолянь Шудың айтуынша, 2004 - 2006 жылдар аралығында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы "халықтың ауыз су мен су қамтамасыздығы қызметіне" қол жеткізуі саласында Қазақстан аумағында кең көлемді щерттеулер жүргізді. Зертеулер нәтижесі бойынша Маңғыстау облысында жағдайы ауыр 10 елдімекен таңдалды ", - деді Хаолянь Шу.
Оның хабарлауынша, облыстық әкімшіліктің келісімімен пилоты елдімекен ретінде Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылы таңдалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыс үш көзден ауыз сумен қамтамасыз етіледі: теңіз суымен - 52,4%, Волга суымен - 12,5% және жер асты суларымен - 35,1%. Бар жер асты тұщы су қоры шектеулі, ал су қамтамасыздығы жүйелері ауыстыру мен жаңалауды талап етеді .