Алдымен экипаж мүшелеріне арналған қосымша оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Және ұшқыштарды жұмысқа қабылдау тәртібі мен сынақ та күшейтілмек. Ал, ұшқыштарға жалғын анықтама, рұқсат қағазын бергендер жеке-жеке жазаланады. Сондай-ақ, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары да тұрақты тексеріледі. Қауіпсіздік шараларының шұғыл күшейтуге жуырда Мысырда аптқа ұшыраған Ресей лайнері себеп болыпты. Шарм-әл-Шейхтен Санкт-Петерборға бағыт алған ұшақтың ішінде 217 жолаушы көз жұмған еді.
Көпбосын Тоқпақбаев, ҚР Азаматтық авиация комитетінің басқарма жетекшісі:
-Нұсқау бойынша, ұшқыштарға қайтадан олардың білімін, істерін қайта тексеру, тренажерный комплекстерді қайталап оқу-жаттығу тапсырмаларын қайталап шығу. Алдын ала қамтып, техникалық ақауларды жібермес үшін, ұшудың алдында, ұшудан кейін ұшқыштардың мінездемесі бойынша тағы нұсқаулар жібердік.
Loading...