Ұшақ тұрғын үй үстіне құлады

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында бір моторлы ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлады, деп хабарлайды Казинформ CBS-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, ұшақ бортында төрт адам болған. Ұшқыш Монтгомери Филд әуежайынан ұшқаннан біраз уақыттан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын мәлім етіп, кері қайтуға әрекет еткен. Ұшақ үлкен жылдамдықпен жерге қона алғанымен, апаттан құтыла алмаған.

Оқиға кезінде үй ішінде адамдар болмаған. Төтенше жағдайдың мән-жайын арнайы қызмет анықтап жатыр.