Ұшақта төбелес шығарған Ресей әншісіне қатысты дау жалғасын тапты


Осылайша Мәскеуге ұшып кете алмаған Слава Қарағандыдағы накологиялық диспансерден бір-ақ шықты. Әнші есірткі қолданбаса да, ішімдіктен біраз сілтеген екен. Әуе компаниясының қызметкерлері де, мәселе оның не ішіп- жегенінде емес, ұшақ бортындағы көрсеткен қылығында деп отыр. Қолды аяққа тұрмай, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққасын борттан қуудан өзге шара қалмапты. Ал көпе-көрнеу ұшақтан аластатты деп жұлқынған әнші сотқа берем деп сес көрсетіп жүр.