«Үшарал-Достық» автожолының учаскесінде жол жабық

Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты сағат 09:40-тан бастап «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы аумағындағы борынға байланысты бүгін сағат 05:00 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 192-160 шақырымындағы «Қордай бекеті-Отар бекеті» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған болатын. Сағат 11:30-дан бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.