Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды "экзистенциал қауіп" жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.
"Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді", - деді ол конгресстегі тыңдауда.
Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ "дәл қазір" Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты.
"Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз", - деді ол.