Бұл туралы stan.kz НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тыңдарманының сағынышына айналған «Арнау» тобы, жанкүйерлерінің жүрегін қайта жауламақ ниетте. Ол үшін ұжымның құрған жоспарлары да жетерлік. Алайда, бұл жағдай Салтанатты аздап алаңдатуда. Себебі, әнші балаларын кімге қалдырарын білмей дал.
Кенжесін дүниеге әкеліп, үшінші мәрте ана атанған Салтанат Бақаева сахнаны сағынып жүр. Әнші ару ең алдымен, ұмыт бола бастаған «Арнау» тобын қайта жандандырып, ел алдына оралуды көздейді.
«Арнау» тобының бірнеше әнін жазып тастадық. Енді, соның біреуін таңдап бейнебаян түсіреміз деген жоспарымыз бар. Содан кейін күзде бір концерт жасасақ, Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып”, – дейді Салтанат.
Алайда, Салтанат бүлдіршіндерін кімге бақтырарын білмей жүр.
“Көбіне балама өзім қараймын. Әсіресе қазір енді-енді жұмысқа шығып жатырмын. Қазір балам өзіммен бірге”, – дейді Бақаева.
Жұмыс көбейе бастаған жағдайда, балаларымды үйдегі көмекшіме қалдыруыма тура келеді дейді Салтанат. Құрбысының бұл сөзін құлағы шалған Әсем Нұрсейітова да, тақырыпқа қатысты ойын білдірді.
“Менде арнайы бала күтуші жоқ. Бірақ кейде анда-санда шақыратын адамым бар көмектесетін. Өйткені баламен барлық жерге бару мүмкін емес қой. Сондықтан қалдырып кетемін”, – дейді Әсем Нұрсейітова.
Танымал цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов болса, қазіргі аналарды қатал сынға алды. Отағасы, жанұядағы бала өсіруге өзгенің араласуына үзілді-кесілді қарсы.
“Мен бала күтушілерге қарсымын! Себебі, кезінде аналарымыз өзге адамның көмегіне жүгінбеген. Сондықтан, әйеліме бала күтуші алдыруға рұқсат бермеймін”, – дейді Мұрат Мұтырғанов.
Оның үстіне, бала күтішу жалдаудың өзі қыруар қаржы.
Оқи отырыңыз:
Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр
Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды
Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды