Ұшқыш әйелдер саны көп мемлекет анықталды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық Авиация ұшқыштары қауымдастығының мәліметтері бойынша, Үндістан әйел ұшқыштардың саны бойынша бірінші орында тұр.

Қауымдастықтың хабарлауынша, әлем бойынша 5% ұшқыш әйелдер болса, Үндістанда бұл көрсеткіш 13%-ға жуық, яғни Ұлыбритания (4,77%) және АҚШ-ты (4,36%) қосқандағы еуропа мемлекеттеріне қарағанда екі есе көп.

2012 жылы Үндістан гендерлік теңдік бойынша ең нашар дамыған жиырма мемлекеттің қатарында болған. Сондай-ақ, Үндістан қазіргі уақытта авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.