Ұшуынан дауы көп «Qazaq air» жекенің қолына өтеді

«Qazaq air» 2 ай өтпей жатып қаржылық қиындықтарға тап болғанға ұқсайды. 100 пайыз «Самұрық Қазынаның» меншігіндегі компанияны енді жеке инвесторлар басқаруы мүмкін. Сөйтіп қосымша ақша тартпақ. Әзірше, қанша акцияның сатылымға шығаратынын топ-менеджерлер ашып айтқан жоқ. Бір анығы «Qazaq air» жекеге өтсе, билет бағасының қымбаттауы да ықтимал. Ал шілде айында тұсауы кесілген тасымалдаушы компания ел арасында ұшу  арзан болады деген еді. Енді бұл үміттің орындалмайтын түрі бар. Қазір «Qazaq air» 12  бағыт бойынша облыстарға қатынайды. Тіпті 2 ай ішінде 10 мың жолаушы тасымалдағандарын айтып мақтанып қалды.

Loading...