1865 жылы қазақ даласына босып келген қалмақтарды көрген орыс офицері әрі зерттеушісі төмендегідей естелік жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"....... 25 қараша. Бүгін бізде қалмақтардың ең құрметті старшиналары болды. Олардың бірінде тіпті қытай полковнигі шені бар. Бұлар сөздің тура мағынасында айтқанда жабайылар, олардан парасатты, пайымды нәрсе біле алмайсың. Алтын-Имельский отряды атты әскерінің бастығы лейтенант Рейнтал ертең қалмақ әскерінің барлығы Алматамға жақындау керектігін, оларды ауылдық жолдан пошта жолына бұратынын айтты. Сондықтан оларды 26 қарашада жолда көреміз. Біз біршама кеш шықтық «Верныйдан бес шақырымдай жерде әлдебір бұлақ ағып жатқан сайдың жанынан көшті бастаған алдыңғы қатарлы қалмақтарды кездестірдік.
Қалмақ старшиналары бізге қытайша еңкейіп, жерге жеткенше иілді. Олар қытай шапанын киген. Өріп қойған қара шаштары ұзын әрі өте лас, бір жағына қарай төмен салбыратып қойған. Ал белбеулерінде қытай трубкасы көрінеді.Қалмақтар соншалықты жағымсыз көрінгені сондай, қастарында тұрған қырғыздар (қазақтар- ред) олардың жанында бет-әлпет, киім тазалығы жағынан өте мәдениетті болып көрінді.
Алайда, ересек қалмақтардың ұқыпсыздығы балалары таза деген түсінік бермеді. Үсті-бастары сүйретілген лас шүберектермен жабылған. Барлығының дерлік мұрындарының үнемі лас болуы салдарынан жоғарғы еріндерінде жаралар пайда болды. Ұсқынсыз, еңкіш тартқан әйелдері еркектерден да аса ұқыпсыздығымен және екі өрім шаштары әлдеқайда кір әрі ұзынырақ болуымен ерекшеленді. Бұрымдарын алдына жіберген. Олардың ұшына жалған шаштар жалғаған. Ұзарту үшін болса керек. Әйелдер де темекі шегетін. Рейнтал тұрмысқа шықпаған қыздардан басқа барлық балалардың темекі шегетінін түсіндірді. Бәрі аш- арық, лас, сөзбен жеткізгісіз лас. Қалмақтардың қайғылы тағдыры бұл! Бұларға бәрі күш көрсетті: қытайлар, орыстар, қырғыздар, енді дүңгендермен бірге тағы да қырғыздар. Кезінде бүкіл Орта Азияның тағдыры үшін маңызы болған Ойрат мемлекетінен қалған қалдықтары ғана. ...Балаларға ұсақ күмістерді тарата бастадық. Ұсқынсыз маймылдар құрдай жорғалап, тізерлеп алдымызға құлады. Қытайлардың үйреткенін істеп жатқан шығар».
А.К. Гейнс. Күнделік. 1865 жыл. Қырғыз даласымен саяхат // А.К.Гейнстің әдеби шығармалар жинағы. I том. – СПБ, 18