"Ұсқынсыз, мал қазақ": Аялдамада қарияны балағаттап, қол көтерген анасы мен баласының видеосы тарады

Видеодан тіпті әйелдің қасындағы баланың  қарияға қол көтергенін байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Полиция шақырамын, кір таяғыңмен баланы ұрып. Ақымақ, ұсқынсыз, мал қазақ", - дейді ашуға мінген әйел. 

Астана полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің баласы ерекше қажеттілігі бар бала болып шыққан және екі тарап бір-біріне арызданбаған. 

Аталмыш видеодағы әйелдің сөздері желі қолданушыларының ашуына тиген. Олар  ұлтқа тіл тигізгені үшін  видеодағы әйелді жауапкершілікке тартуды талап етуде.

"Скотина казахская деген сөзі үшін жауап берсін. Нацистка ғой", "Ужас, жан-жағында намысшыл қазақтың жоқ болғаны ғой", "Ұлтшылдығы мен балағат сөздері үшін жазалау керек", "Соттау керек", - деп жазды олар. 


 

Loading...