Арнайы операция жүргізілген Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытының Бас директоры Ілияс Тасмағамбетов болып шықты, деп хабарлады 365info.kz.
Аталған зауыттың ресми сайтында компанияның бас директоры ретінде 1989 жылы туған Ілияс Құрманғалиұлы Тасмағамбетовтің есімі көрсетілген.
27 жастағы бас директордың әкесі Құрманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс Депертаменті бастығының орынбасары болып қызмет етеді. Ол еліміздің вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтың туған ағасы.
Еске сала кетсек, бүгін Ақтөбеде ҰҚК мен ІІМ қызметкерері арнайы операция өткізген.