Ұстаздардың еңбекақысы екі есеге артады – мемлекет басшысы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnikews.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. Осылайша, ұстаздардың еңбекақысы екі есеге артады.