М.Жүргенбаевтың айтуынша, жемқорлық белең алған мекемелер ретінде мыналарды атауға болады: әкімшілікте - 4 адам, ішкі істер органдарында-5, кеденде - 2, әділет-1, салық қызметі-2, сот әкімшілігі комитеті-3 адам және басқа да 36 мемлекеттік құрылымдар.
Сондай-ақ, прокурор атап өткендей, "өкілетті және ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауда қауқарсыздық танытуда". Жемқорлықпен күрес әлжуәз тәсілмен жүргізілуде, деп санайды прокурор.
Оған қоса, М.Жүргенбаев кейбір мемлекеттік құрылымдардың сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықылас танытпайтындықтарына,
есесіне осы дерттің етек жайуына оңтайлы жағдай жасап жатқандарына наразылығын танытты. "Прокурорлар тарапынан 600 ескерту жасалды, 1500 лаузым иесі тәртіптік жауапқа тартылды, алайда, 100 ескертуге қатысты талаптар орындалған жоқ"- дейді облыс прокуроры.