Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасында айтылды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Үйіне алып кіріп кетіп, өзінің киімін шешіп, қызға "киіміңді шеш" деген. Қыз шешпеген. Шал кеп өзі шешіпті. Қасына жатыпты шал. Қыздың үстіне шығып, қызды зорлаған", - дейді қыздың анасы Айгүл Нығымдиева.
Анасы мұндай жайттың бір емес, екі рет орын алғанын айтып ашынады.
Десе де ақсақалға зорланған қыздың анасы қойып отырған талап көпшілікті таңдандырмай қоймады. Ол қариядан қызына Алматыдан пәтер алып беруді, қыздың еміне төлейтін қаражатты төлеп беруді сұрап отыр.
Студия қонақтары "Сізді тек пәтер алаңдататын сияқты" дегенімен де, заңгер Тілеужан Кішкенбаев "Моральдік шығынын талап етуге құқығы бар" дейді.
Ал, күдіктінің ұлы әкесінің мұндай озбырлыққа баруы мүмкін емес екенін айтып отыр.
"Осы оқиға туралы естігенде аң-таң болдық. Ол 73 жаста. 2-топтағы мүгедек. Бірнеше жыл сал болған. Қазір өзі әрең жүреді. Осы оқиға туралы әрине әкемізден сұрадық. Сұраудың өзіне ұялдым. Екеуміз де жылап қалдық. Егер ол шынымен де сондай педофил болса, менің алты қызымды ол тәрбиеледі ғой.
Егер біз кінәлі адамды қорғайтын болсақ ол Алланың алдында дұрыс емес. Сол үшін біз тергеу ісіне араласпадық. Адал болсын бәрі", - дейді Магелан Исанов.
Және ол зорланған қыздың кешқұрым көшеде жүріп, қайыр сұрайтынын жеткізді.
Бағдарлама барысында зорланған қыздың анасымын деп отырған Айгүл Нығымдиева оның әжесі екені анықталды.
"Үлкен қызымнан асырап алдым. Ол тұрмысқа шықпаған. Бала туылғанда "мен бақпаймын" деп маған бере салған", - дейді ол.