Утильалым күші қашан жойылады деген сұрақ көлік иелерінің басты бас ауруына айналған. Тіпті халық олигархтарға қызмет ететін министрдің кетуін талап етіп, байлардың қалтасын қалыңдату біздің міндетіміз емес деп шу көтергені әлеуметтік желілерде тараған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әлеуметтік желілерде өнеркәсіп және құрылыс министріне утильалымға қарсылар "қауіп төндіре бастаған".
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер утильалымның күшін жою үшін 50 мың адам қол қойған петицияны айтып, Қазақстанда бұл алымның күші жойыла ма деп сұрады. Министр мұндай мүмкіндік заң аясында талқыланады деп жауап берді.
"Сіз қазір мені отставкаға кетіруді талап етіп жатқандарын айтып отырсыз. Мен тиктокта бірнеше рет видео мен пікірді көрдім. Мені қорқытатын адамдар бар, өздеріңіз де білесіздер. Бірақ мен айтайын: барлық жұмыс, барлық қоғамдық процесс заң аясында өтеді. Петиция бойынша - оған 50 мыңнан астам адам қол қойды және ол заң аясында қаралады. Біз кез келген мәселені осы тәртіппен қарауымыз керек", - деді Шарлапаев.