Утилалымға жауапты вице-министр мен басқарма төрағасы елден қашпақ болды


Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры Медет Құмарғалиев уақытша тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. 

Қос шенеуніктің елден қашпақ болғанда ұсталғаны жайлы Telegram арнасының  yyedilov парақшасында жазылды.  

"Кейбір деректерге сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловты және «РОП Оператор» ЖШС басқармасының төрағасын ұстады. Олар елден кетпек болған Медет Құмарғалиев.Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген онда.