”Ұятсыз, надан қазақтың еркектері көп-ау” - психолог Анна Құдиярова

Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мадинаны алайық. Олар үйден қашқан, үйдегі жағдай жақсы болмаған. Үйдегі жағдай жақсы болса, кейде керісінше ол кәрі қыз болып үйде отыра береді. Ақша жетіспейді, мәдениет жетіспейді. Үйдегі мәдениет жетіспейді. Ұру керек, ұрысу керек. Сөз арқылы сөйлесу деген мәдениет жоқ. Күйеуі бұған бірдеңе талап етеді, енесі бұдан талап етеді, бірақ бұл жас келіншек те бажырайып ол да бақырып шығатын шығар. Менің фантазиям, менің тәжірбием осындай болып тұр”, - деді психолог-маман.

Сондай-ақ, ол көпшілік қазақ жігіттері туралы да сөз етті.

”Батыстағыдай әйеліңе алимент төле деп жатқан жоқпыз, ең болмаса өз балаңа алимент төле. Ұятсыз, надан қазақьың еркектері көп-ау. Сондай еркектен тәрбие көрген ұл ол жақсы бола ма? Ол данышпан бола ма? Ол мейірімді еркек бола ма? Әкесі махаббатын берген жоқ, айналайын деген сөзді айтқан жоқ. Енді бұл да өз ұлына, қызына “айналайын” деген сөзді айта алмайды”, - деді Анна Құдиярова.